ҚР үкіметі Өзара өнім бөлісу жөніндегі заң жобасын жуық арада парламентке енгізеді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР үкіметі Өзара өнім бөлісу жөніндегі заң жобасын жуық арада парламентке енгізеді

ҚР үкіметі Өзара өнім бөлісу жөніндегі заң жобасын жуық арада парламентке енгізеді

ҚР үкіметі жер қойнауын пайдалануда Өзара өнім бөлісу шарттарын реттейтін заң жобасын жуық арада парламентке енгізуді көздеп отыр. Бұл туралы бүгін, 27-қарашада сенаттың жалпы отырысында сөз сөйлеген ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрі Қайрат Келімбетов хабарлады.

  • 27 Қараша 2003
  • 415
Фото - Caravan.kz

Министрдің түсініктемесіне жүгінсек, бастапқыда мұнай кеніштері инвесторларға «қазіргі қолданыстағы қарапайым заңдардың шарты» бойынша ұсынылады. Ал қолданыстағы заңнамада «мұнай экспорттауға ренталық салық пен асыра тапқан пайдаға салық салу» қарастырылғаны белгілі. «Бірақ біз әлемнің көптеген елдеріндегідей заңнамалар ешбір өзгеріссіз қалады деп кепілдік бере алмаймыз»,- деді министр. Сонымен бірге, Қ.Келімбетов мұндай модельге бағынған жағдайда ірі кеніштерге инвесторлар келмей қою мүмкіндігін де жоққа шығармайды. «Ондай жағдайда біз тинвесторлардың нақты қайсысымен келісімге қол қоямыз дегенді іріктеп саралай бастаймыз»,- деді ол. «Бұл байқаудың шарттары көп кешікпей сіздердің қарауларыңызға берілетін Өзара өнім бөлісу туралы заңда дәйектеледі»,- деді министр сенаторларға.

Экономика министрінің ақпараты бойынша, Өзара өнім бөлісу туралы заңнамада «технологиялық, экологиялық және бонус төлеу тәрізді негізгі жеті түрлі шарттар қарастырылған». Қ.Келімбетовтың айтуынша, бүгінге дейін «кім 5 млн. доллар артық бонус береді, сол жеңеді» деген «идеология» биледі. Алайда, «Қазақстанда жеткілікті мөлшерде кіріс базасы қалыптасқан қазіргідей жағдайда бонус мөлшері шешуші фактор болудан қалды»,- деді Қ. Келімбетов.
Осыған байланысты министрдің айтуынша, «бұрынғы жеті шартқа енді Қазақстан экономикасына жаңа технологиялар әкелу жөніндегі негізгі сегізінші шарт қосылды». Атап айтсақ, мұнайхимиясы өнеркәсібін дамытуға басымдық беріледі. Қ.Келімбетовтың айтуынша, «бүгінде мұнайды тереңдете өңдейтін қазіргі заманғы жоғары технологиялық зауыттар бар, олардың әрқайсысына 30 млн. доллар көлемінде инвестиция жұмсалады. Осындай нысандар салу туралы ұсыныс білдірген инвесторлар зауыт пайдалануға берілген сәттен бастап 5 жыл мерзіммен корпоративтік кіріс салығынан босатылады»,- деді экономика министрі.
Осы орайда ол мұндай инвесторлар үшін «қазіргі инвестиция туралы заңнамаға сәйкес» жер және мүлік салығына преференциялар сақталады дегенді еске сала кетті. «Біз ел ретінде рынок шеңберінде болғандықтан «, осындай зауыт салуға ниет білдірген «инвестор да өзі үшін тиімді елді таңдайтынын түсіну керек»,- деді ол.
Қ.Келімбетовтың айтуынша, «осындай деңгейдегі салық жеңілдіктері біздің артықшылығымыз болмақ». Қ.Келімбетов мұндай жаңалықтар тек жаңа кеніштерге ғана қолданылады деп мәлімдеді. Бұрынғы келісім-шарттары қайтадан қаралмайды. «2004-жылы өзара өнім бөлісу туралы , лицензия алу туралы келіссөздер басталады. Бұл келіссөздер 2005-жылы аяқталуы да, немесе 2006-жылға қалуы да мүмкін. Ал кіріс тек 2006-2007-жылдан бастап түсуі ықтимал»,- деген болжам айтты Қ.Келімбетов. «Бұл біздің болашаққа көздеген пайдамыз, бірақ оған қатысты жұмыстарды қазірден бастап, инвесторлармен келіссөздерді бастау үшін заңдық негіздерді бүгіннен бастап қалау керек»,- деді Қ.Келімбетов.

Соңғы жаңалықтар