ҚР үкіметі Сауд Арабиясы инвестицияның біраз бөлігін Қазақстанға арнайды деген сенімде - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
8 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР үкіметі Сауд Арабиясы инвестицияның біраз бөлігін Қазақстанға арнайды деген сенімде

ҚР үкіметі Сауд Арабиясы инвестицияның біраз бөлігін Қазақстанға арнайды деген сенімде

Бүгін, 21-маусымда Алматыда Сауд Арабиясы Корольдігі мен Қазақстандық кәсіпкерлердің қатысуымен бизнес форум өткізілді. Шараны ҚР индустрия және сауда министрлігі мен осы министрлікке қарасты инвестицияларға ықпал жасау жөніндегі "Қазинвест" орталығы бірлесе ұйымдастырды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 21 Маусым 2004
  • 693
Фото - Caravan.kz

Бизнес-форумды ашқан «Қазинвест» президенті Асқар Баталовтың айтуынша, Қазақстан Сауд Арабиялық кәсіпкерлерді бірінші кезекте Қазақстан экономикасын дамытудың басымдық берілген салаларына және Арабиялық кәсіпорындары мол тәжірибе жинақтаған салаларға тартуға пейіл. Осындай салалар ретінде мұнай химиясы, құрылыс, ауылшаруашылығы өнімін өңдеу, инфрақұрылымдық нысандар құру, әлеуметтік сала мен ақпараттық технологияларды атауға болады.

Сауд Арабиясындағы Қазақстан елшісі Асқар Мусинов екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстар негізінен шағын және орта бизнес кәсіпорындары есебінен дамиды дегенге сенім білдірді. Өйткені, Корольдіктегі кәсіпорындардың 90 проценті шағын компаниялар.
Сауд Арабиясы сауда-өнеркәсіптік палаталары кеңесінің төрағасы Абдурахман Али Аль-Жерайсидің айтуынша, өз елінің кәсіпкерлері аталған салалардың бәрінде де жұмыс істеуге және жергілікті экономиканы дамыту үшін жеке технологияларын әкелуге дайын. Кездесудің мақсаты- екі ел кәсіпкерлері арасында қарым-қатынас орнатып, өзара сауда-саттықты дамыту.
Абдурахман Алидің айтуынша, Сауд Арабиясының қазіргі шетелдерге шығаратын инвестициясы 800 млрд. доллар шамасында. Алайда, Қазақстан — араб кәсіпкерлері әлі де игере қоймаған ел қалпында қалып отыр. Мұнда Сауд Арабиясынан небәрі 5 компания жұмыс істейді.
Жалпы алғанда, форумға Сауд Арабиясы компанияларынан 50-ден астам өкіл қатысуда. Олардың Алматыдағы жұмысы 22-маусымға дейін созылады. Бұдан кейін Астанаға баратын кәсіпкерлер сол жердегі әріптестерімен және республика үкіметі өкілдерімен жүздеседі. Сондай-ақ, Астанада Сауд Арабиялық және Қазақстандық кәсіпкерлердің Іскерлік кеңесін құру туралы құжаттарға қол қойылады. Кеңес екі ел арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынасты дамытуға түрткі болуы тиіс.

Перейти к новостям спорта