ҚР үкіметі шағын және орта бизнесті қолдау саясатын жетілдіре береді - ҚР үкімет басшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР үкіметі шағын және орта бизнесті қолдау саясатын жетілдіре береді - ҚР үкімет басшысы

ҚР үкіметі шағын және орта бизнесті қолдау саясатын жетілдіре береді - ҚР үкімет басшысы

ҚР үкіметі шағын және орта бизнесті қолдау саясатын жетілдіре түседі, бірақ "жаңаша әрі бәсекелі өндірістерді қолдауға" басымдық беріледі. Бұл туралы бүгін, 31-қазанда Астанада Қазақстан кәсіпкерлерінің 11-форумында сөз сөйлеген ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов мәлімдеді.

  • 31 Қазан 2003
  • 825
Фото - Caravan.kz

Ол осы орайда шағын және орта бизнеске қолдау көрсету бағытында үкімет тарапынан бірқатар шаралар қолданылып жатқанын еске сала кетті. Атап айтсақ, үкімет басшысы салық ауыртпалығының азайтылуын, қаржылық бақылаудың шектелуін атай отырып, «бизнеспен шұғылдануға ең тиімді жағдайлар жасалып жатыр»,- деп атап көрсетті.

Үкімет басшысы сондай-ақ, «Қазақстандық кәсіпкерлер тарапынан үкіметке тек талаптар мен өтініштерден басқа ештеңе айтылмайтынын» атап өтті. «Кәсіпкерлер өз тарапынан тиісті қадамдар жасамаса», үкіметтің бір жақты шараларынан еш нәтиже шықпайды,- деп пайымдайды Д.Ахметов.
Үкімет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау шаралары кәсіпкерлік мәдениет деңгейінің артуы, өнім сапасының жақсаруы, тауарлар бағасы мен қызмет ақысының арзандауы, халыққа ұсынылатын тауарлар түрінің көбеюі тәрізді көріністер арқылы қолдауға тікелей парапар қайтарымын беруі мемлекет үшін қажет,- деді үкімет басшысы.
«Қазір біз ел экономикасын дамыту мақсатын сапалық жаңаша деңгейге көтеруді талап ететін сатыда тұрмыз, бұл кезеңде Қазақстанның стратегиялық даму мақсаттарына лайықты артықша ойламды басқару тәсілі, өзгеше қаржылық-инвестициялық схемалар қажет»,- деді Д.Ахметов.
Сөз соңында үкімет басшысы, «кәсіпкерлер мен мемлекеттің әріптестік қарым-қатынасы тұрғысында тың толғамдар жасалды»,- дей келіп, «жүйелі қолдау институттары мен қазіргі заманғы көзқарас-әдістемелерді қолдану — еліміздегі шағын және орта бизнесті дамытуда жаңаша кезеңді қалыптастырады «,- дегенге сенім білдірді.

Соңғы жаңалықтар