ҚР үкіметі Солтүстік Каспий жобасы бойынша BG тобының 8,33 проценттік үлесін сатып алды - ҚазМұнайГаз - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР үкіметі Солтүстік Каспий жобасы бойынша BG тобының 8,33 проценттік үлесін сатып алды - ҚазМұнайГаз

ҚР үкіметі Солтүстік Каспий жобасы бойынша BG тобының 8,33 проценттік үлесін сатып алды - ҚазМұнайГаз

30-наурызда ҚР үкіметі, республиканың энергетика және минералды ресурстар министрлігі мен "ҚазМұнайГаз ҰК" АҚ Солтүстік Каспий жобасы бойынша Қазақстанның ҚазМұнайГаз компаниясының атына BG тобынан 8,33 проценттік үлесін сатып алу туралы келіссөздерді табысты аяқтады. BG тобы Солтүстік Каспий жобасы бойынша өзара өнім бөлісу туралы келісімге 1997-жылдың 18-қарашасында қол қойған болатын. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "ҚазМұнайГаз ҰК" АҚ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 31 Наурыз 2005
  • 403
Фото - Caravan.kz

Өзара өнім бөлісу туралы бұл келісімде Каспий теңізінің Қазақстанға қарасты бөлігіндегі ірі мұнай кеніштерін игеру қарастырылған. Кеніштерді игеру мерзімі 40 жылға дейін созылуы мүмкін.

Солтүстік Каспий жобасына бұған дейін BG тобымен бірге әрқайсысы 16,67 проценттік үлеспен ENI, Total, ExxonMobil, Shell, сондай-ақ, әрбіреуі 8,33 проценттік үлеспен Inpex және ConocoPhillips компаниялары қатысып келген.
Ал BG тобының үлесін Қазақстан сатып алғаннан кейін жобаға қатысушылар үлесі мынадай сипатқа ие болды: ENI (Солтүстік Каспий жобасының біртұтас операторы), Total, ExxonMobil, Shell (әрбіреуінің үлесі 18,52%-ке тең), ConocoPhillips (9,26%), Inpex және ҚазМұнайГаз (әрбіреуінің үлесі 8,33%-тен).
Британияның BG тобынан үлестің 50 процентін сатып алу туралы Қазақстан мен мердігерлік компаниялар арасындағы қол қойылған құжаттар топтамасы еліміздің Солтүстік Каспий жобасы бойынша өзара өнім бөлісу туралы келісімге атсалысу жөніндегі уағдаластыққа сай келеді. Соның нәтижесінде Қазақстан осынау ауқымды мұнайгаз жобасынан айтарлықтай үлеске ие болды, дейді компания өкілдері. Сауда-саттық шарасы 2005-жылдың сәуір айында түбегейлі рәсімделеді.
Игерілетін жалпы мұнай қоры кем дегенде 7-9 млрд. баррельді, ал жалпы геологиялық қоры 38 млрд. баррельді құрайтын Қашаған кенішіндегі өнеркәсіптік мұнай өндіру жұмыстарына консорциум 2008-жылы кірісуді межелеп отыр.

Перейти к новостям спорта