ҚР үкіметі жекелеген жол бөліктеріндегі ең жоғары жылдамдық шегін сағатына 120 шақырымға дейін арттырды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР үкіметі жекелеген жол бөліктеріндегі ең жоғары жылдамдық шегін сағатына 120 шақырымға дейін арттырды

ҚР үкіметі жекелеген жол бөліктеріндегі ең жоғары жылдамдық шегін сағатына 120 шақырымға дейін арттырды

Қазақстан үкімет басшысы Даниал Ахметов жекелеген жол бөліктеріндегі ең жоғары жылдамдық шегін жеңіл автокөліктер үшін сағатына 120 шақырымға дейін, ал автобустар үшін 110 шақырымға дейін арттыру туралы қаулыға қол қойды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 4 Ақпан 2004
  • 539
Фото - Caravan.kz

Қаулыға сәйкес, тиісті белгі қойылған жерлерде ғана, сондай-ақ, «үлкен жылдамдықпен жүруге жол жағдайы мүмкіндік берсе» ғана жылдамдықты сағатына 110 және 120 шақырымға дейін үдетуге рұқсат беріледі.

ҚР ІІМ-нің жол полициясы департаментінің бастығы Өмірзақ Түсімовтың бұған дейін де хабарлағанындай, «еліміздегі күрделі жөндеуден өткен жолдар сапасы жол қауіпсіздігі мен жүргізушілер денсаулығына нұқсан келтірмей-ақ, тәртіпке осындай өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді». «Теп-тегіс жөнделген мидай жазық жолдарда аз жылдамдықпен мимырттап жүру тіпті қисынға келмейді дегенді әркім түсініп отыр»,- деді Ө.Түсімов.
Бұған дейін еліміз жолдарындағы шектеулі ең жоғары жылдамдық сағатына 90 шақырымға тең болатын. Үкімет қаулысы бүгіннен бастап күшіне енеді.

Соңғы жаңалықтар