Caravan Logo

ҚР үкіметі жекелеген жол бөліктеріндегі ең жоғары жылдамдық шегін сағатына 120 шақырымға дейін арттырды

ҚР үкіметі жекелеген жол бөліктеріндегі ең жоғары жылдамдық шегін сағатына 120 шақырымға дейін арттырды

Қаулыға сәйкес, тиісті белгі қойылған жерлерде ғана, сондай-ақ, "үлкен жылдамдықпен жүруге жол жағдайы мүмкіндік берсе" ғана жылдамдықты сағатына 110 және 120 шақырымға дейін үдетуге рұқсат беріледі.

ҚР ІІМ-нің жол полициясы департаментінің бастығы Өмірзақ Түсімовтың бұған дейін де хабарлағанындай, "еліміздегі күрделі жөндеуден өткен жолдар сапасы жол қауіпсіздігі мен жүргізушілер денсаулығына нұқсан келтірмей-ақ, тәртіпке осындай өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді". "Теп-тегіс жөнделген мидай жазық жолдарда аз жылдамдықпен мимырттап жүру тіпті қисынға келмейді дегенді әркім түсініп отыр",- деді Ө.Түсімов.
Бұған дейін еліміз жолдарындағы шектеулі ең жоғары жылдамдық сағатына 90 шақырымға тең болатын. Үкімет қаулысы бүгіннен бастап күшіне енеді.