ҚР үкіметінде "көлеңкелі экономиканы легализациялау жөніндегі" жұмыс тобы құрылды
ҚР үкіметінде "көлеңкелі экономиканы легализациялау жөніндегі" жұмыс тобы құрылды. Бұл туралы бүгін, 14-қаңтарда ҚР кедендік бақылау Агенттігінің Астанада өткен алқа мәжілісінде ҚР үкімет басшысының бірінші орынбасары Григорий Марченко хабарлады. Жаңадан құрылған жұмыс тобын ол өзі басқаратынын жеткізді. |
Бірақ үкімет басшысының бірінші орынбасары жұмыс тобының құрамы, мақсаттары мен міндеттері туралы нақты ақпарат берген жоқ.
ҚР үкімет басшысы кеңсесінің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша "жұмыс тобы бүгін құрылған". "Бұл жайындағы егжей-тегжейлі ақпарат БАҚ-тарға кешке қарай таратылады",- деп сендірді KZ-today тілшісін үкімет басшысының баспасөз қызметіндегілер.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін