ҚР Ұлттық банкі 2004-жылдың аяғына дейін қайта қаржыландыру ставкасын арттыруды жоспарлап отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 470.46
  • 543.1
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Ұлттық банкі 2004-жылдың аяғына дейін қайта қаржыландыру ставкасын арттыруды жоспарлап отыр

ҚР Ұлттық банкі 2004-жылдың аяғына дейін қайта қаржыландыру ставкасын арттыруды жоспарлап отыр

ҚР Ұлттық банкі 2004-жылдың аяғына дейін қайта қаржыландыру ставкасын 7 проценттен 7,5 процентке дейін арттыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін, 17-қарашада Алматыда өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Әнуар Сәйденов хабарлады.

  • 17 Қараша 2004
  • 394
Фото - Caravan.kz

«Қайта қаржыландыру ставкасын арттыру мәселесі банк басқармаларының таяудағы отырыстарының бірінде қаралады»,- деді Ә.Сәйденов.

Ұлттық банк басшысының айтуынша, қайта қаржыландыру ставкасын арттыру — инфляцияны ауыздықтауға бағытталған шаралардың бірі. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2004-жылдың қазан айында еліміздегі инфляция деңгейі жылдық 7,5 процентті құрады. Жыл басынан бері инфляция деңгейі 4,9 процент болды.
Күз айларында инфляция өскеніне қарамастан, Ә.Сәйденов оның жылдық деңгейі болжамды көрсеткіштерден аспай 7 процент мөлшерінде сақталады дегенге сенеді. 2004-жылдың қараша және желтоқсан айларында инфляция 0,9 процентті құрайды деп күтілуде.
Ұлттық банк басшысының пайымдауынша, қайта қаржыландыру ставкасын көтеру қазақстандық банктердің клиенттері үшін негізгі несиелік ставкаларға айтарлықтай әсер ете қоймайды.