ҚР Ұлттық банкі коллекциялық екі монетаны айналымға шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Ұлттық банкі коллекциялық екі монетаны айналымға шығарды

ҚР Ұлттық банкі коллекциялық екі монетаны айналымға шығарды

ҚР Ұлттық банкі 18-ші маусымда коллекциялық «Фауна» және «Қазақстан қалалары» атты екі монетаны айналымға шығарды, деп Ұлттық банк баспасөз қызметінен хабарлады. айналысқа

  • 22 Маусым 2011
  • 421
Фото - Caravan.kz

2011 жылғы 18 маусымда айналысқа шығарылған, номиналы – 500 теңгелік «Бекіре» монета нысаны сопақша. Монетаның бет жағында (аверсінде) жоғарғы бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Төменгі және сол жақ бөлігінде – Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі, бекіренің, толқынның және күннің стильдендірілген бейнесі. Жоғарғы бөлігінде айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу, төменгі бөлігінде — монета дайындалған металды, оның сынамы мен массасын білдіретін «Ag 925 24 gr.» деген жазу бар.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) ортада су беті және екі бекіре стильдендіріп бейнеленген. Бекіренің біреуі алтын жалату тәсілімен орындалған. Төменгі бөлігінде айналдыра мемлекеттік тілде «БЕКІРЕ» деген жазу және монетаның соғылған жылын білдіретін «2011» деген сан, жоғарғы бөлігінде түрдің латынша атауы «ACIPENSERIDAE» жазылған. Қыры (гурт) бедерлі. Монета 925 сынамды күмістен, массасы – 24 грамм, сопақтығы 38,61 х 28,81 мм., «proof» сапасымен дайындалған, таралымы – 5 мың дана.

2011 жылғы 18 маусымда айналысқа шығарылған, номиналы – 50 теңгелік «Ақтөбе» монетасының бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «50 ТЕҢГЕ» деген жазу орналасқан. Жоғарғы бөлгінде ою-өрнекті сегіз бұрышты розетка, төменгі бөлігінде – ұлттық ою-өрнек элементі. Номиналдың оң жағында «ҚҰБ» аббревиатурасы орналасқан. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде Ақтөбе қаласының елтаңбасы бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» деген жазу, монетаның соғылған жылын білдіретн «2011» деген сан және шығыңқы жиек жүргізілген.

Қыры (гурты) бедерлі. Диаметрі – 23 мм, массасы – 4,71 грамм, таралымы – 50 мың дана, деп көрсетілген Ұлттық банк баспасөз қызметінің таратқан хабарында.