ҚР Ұлттық банкі қайта қаржыландыру ставкасын тоқсан сайын қарап отырмақ ниетте - kaz.caravan.kz
  • $ 473.13
  • 554.08
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Ұлттық банкі қайта қаржыландыру ставкасын тоқсан сайын қарап отырмақ ниетте

ҚР Ұлттық банкі қайта қаржыландыру ставкасын тоқсан сайын қарап отырмақ ниетте

Ресми қайта қаржыландыру ставкасының реттеушілік мүмкіндігін күшейту үшін ҚР Ұлттық банкінің басқармалары оның мөлшерін тоқсан сайын қайта қарап отыру тәжірибесін қолданысқа енгізбекші. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Ұлттық банктен хабарлады.

  • 1 Ақпан 2005
  • 539
Фото - Caravan.kz

«Дамыған елдердің орталық банктерінің тәжірибесі осындай тәсілдің тиімділігін көрсетіп отыр. Ұлттық банк ақша рыногындағы жалпы ахуалға, несиелерге деген сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейі мен инфляциялық болжамға байланысты ресми қайта қаржыландыру ставкасын арагідік қайтадан қарау арқылы қаржы рыногына қаржы саласындағы күтілген ағымдарға сәйкес бағыт-бағдар беріп отырады»,- дейді Ұлттық банкөз түсініктемесінде.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2005-жылдың 1-ақпанынан бастап ҚР Ұлттық банкі қайта қаржыландыру ставкасын 0,5 процентке өсіріп, 7,5 процентке дейін көтерді.