ҚР Ұлттық банкі "Қазақстанның қызыл кітабы" металл ақша сериясы бойынша "Ителгі" атты ескерткіш күміс тиындарды айналымға шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Ұлттық банкі "Қазақстанның қызыл кітабы" металл ақша сериясы бойынша "Ителгі" атты ескерткіш күміс тиындарды айналымға шығарды

ҚР Ұлттық банкі "Қазақстанның қызыл кітабы" металл ақша сериясы бойынша "Ителгі" атты ескерткіш күміс тиындарды айналымға шығарды

ҚР Ұлттық банкі 2004-жылдың 20-қаңтарынан бастап "Қазақстанның қызыл кітабы" металл ақша сериясы бойынша номиналы 500 теңгелік "Ителгі" атты ескерткіш күміс тиындарды айналымға шығарды. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің ресми хабарламасында айтылған.

  • 20 Қаңтар 2004
  • 1347
Фото - Caravan.kz

«Ителгі» атты ескерткіш күміс тиындар елімізде сирек кездесетін, жойылып бара жатқан хайуанаттар түрлеріне арналған «Қазақстанның қызыл кітабы» металл ақша сериясы бойынша шығарылған бесінші күміс монета.

Ақшаның бет жағының (аверс) ортасына номиналы екі жолға «500 ТЕҢГЕ» деп жазылған және номиналдың астына соғылған жылын білдіретін «2004» саны бар. Номинал санының үстіне спиральдің геральдикалық бейнесі салынған. «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген сөздер айналдыра жазылған. Ақшаның жоғарғы сол жақ бөлігіне айналдыра екі жолға ұлттық ою-өрнек салынып, оң жағында — Қазақстан теңге сарайының тауар белгісін білдіретін жазулар бар.
Монетаның сырт жағына (аверсіне) әсем таудың фонында ителгінің бейнесі салынған. Монетаның жоғарғы оң жақ бөлігіне мемлекеттік тілде «ИТЕЛГІ» және оның зоологиялық түрі латын тілінде » FALCO CHERRUG » деп айналдыра жазылған. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.
Металл ақша 925 сынамды күмістен жасалған, массасы — 24,00 грамм, диаметрі — 37 мм, қалыңдығы — 2,7 мм, «proof» сапасымен шығарылған.
Ақшаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.
Қыры (гурт) тегіс, бедері мен жазуы жоқ. Таралымы 3 мың дана.
Ескерткіш сипатта шығарылған номиналы 500 теңгелік күміс металл ақшалар тұрақты құны бойынша бүкіл Қазақстан аумағында барлық төлем түрлері бойынша қабылдануы тиіс. Сондай-ақ, олар есепшотқа аудару, аккредитив немесе аударымдар жасау, салым құралы ретінде пайдалану мақсаттарында еліміз аумағындағы барлық банктерде шектеусіз пайдаланылуы тиіс.
Ескерткіш күміс тиындар Қазақстан теңге сарайында жасалған. Олар коллекциялық құны бойынша сатуға арналады. Базарлық түрінде оралып, ҚР Ұлттық банкінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған арнаулы сапа сертификатымен қамтамасыз етілген.

Соңғы жаңалықтар