ҚР Ұлттық банкi: Теңгемен ашылған депозиттердiң шығынын өтеу бағдарламасы қыркүйекте бекiтiледi - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Ұлттық банкi: Теңгемен ашылған депозиттердiң шығынын өтеу бағдарламасы қыркүйекте бекiтiледi

ҚР Ұлттық банкi: Теңгемен ашылған депозиттердiң шығынын өтеу бағдарламасы қыркүйекте бекiтiледi

Халықтың теңгемен ашқан депозиттерiнiң шығынын өтеу бағдарламасы 5 қыркүйекте бекiтiледi.

  • 27 Тамыз 2015
  • 401
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында Ұлттық банктiң қаржылық қызметтi тұтынушылар құқығын қорғау жөнiндегi департамент директоры Александр Терентьев мәлім етті.

"Мемлекет басшысы теңгенiң еркiн айналымға түсуiне байланысты, депозиттерi теңгемен ашылған халыққа шығындарын өтеп беру туралы тапсырма берген.  Президенттiң тапсырмасына сәйкес,  1 миллионға дейінгі барлық теңгелік депозиттер өтеледі. Ұлттық банк тиiстi бағдарламаны әзiрлер жатыр. Ұлттық банк төрағасының тапсырмасына сәйкес, құрылған жұмыс тобы шығындарды өтеу бағдарламасын 1 қыркүйекке дейiн бекітуге ұсынуы тиіс. 5 қыркүйек күні Ұлттық банк басқармасы осы бағдарламаны бекітеді", — деп хабарлады А.Терентьев.

А.Терентьев бұл бағдарламаға 1 миллионға дейін салымы бар барлық азаматтар, яғни республикадағы барлық банктердің салымшылары қатыса алады.


"Теңгемен депозит ашқан азаматтардың барлығы бағдарламамен қамтылады. Жұмыс тобының құрамына екiншi деңгейлi банктердiң мамандары мен қаржыгерлер енгiзiлген. Бағдарлама бекiтiлген соң БАҚ арқылы халықты құлақтандырамыз", — деп түсiндiрдi  ол.

Соңғы жаңалықтар