ҚР Ұлттық банкі валюталық өктемдік жүргізу туралы шешім қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Ұлттық банкі валюталық өктемдік жүргізу туралы шешім қабылдады

ҚР Ұлттық банкі валюталық өктемдік жүргізу туралы шешім қабылдады

ҚР Ұлттық банкі ішкі валюта нарығындағы ахуалды тұрақтандыру мақсатында валюталық өктемдік жүргізу туралы шешім қабылдады.

  • 17 Қыркүйек 2015
  • 431
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Қазақстанда валюта нарығына қатысушылардың алыпсатарлық операцияларының салдарынан теңгенің айырбастау бағамының құбылмалылығы өсе түсуде. Ал оның бұлайша құбылуына негіз болатындай іргелі макроэкономикалық факторлар объективті және елеулі тұрғыда өзгеріп жатқан жоқ. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2015 жылдың 16-шы қыркүйегінен бастап, ішкі валюта нарығындағы ахуалды тұрақтандыру мақсатында валюталық өктемдік жүргізу туралы шешім қабылдады», — делінген хабарламада.

Осылайша, ҚР Ұлттық Банкінің валюталық өктемдігінің көлемі 2015 жылдың 16-шы қыркүйегінде 144 млн. АҚШ долларын құрады.

Айта кетелік, инфляциялық таргеттеу режіміне негізделген жаңа ақша-кредит саясатын іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2015 жылдың 20-шы тамызынан бастап валюталық дәлізді алып тастауға және еркін өзгермелі айырбастау бағамына өту туралы шешім қабылдаған болатын.

Яғни, теңгенің айырбастау бағамы енді іргелі ішкі және сыртқы макроэкономикалық факторлар негізінде қалыптасады. Бұл жерде ҚР Ұлттық Банкі теңгенің айырбастау бағамының нарықтық деңгейінің қалыптасуына еш араласпайды, бірақ елдің қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету қажет болған жағдайда, валюталық өктемдіктерді жүргізу жолымен ішкі валюта нарығына қатысу мүмкіндігі бар.


Естеріңіге сала кетелік, валюта басқыншылығы (өктемділігі) —  Ұлттық (орталық) банкінің өз елінің валюталық бағамын қолдау (тұрақтандыру) мақсатында шет елдік валютаны ірі көлемде сатып алу немесе сату операциялары.

Соңғы жаңалықтар