ҚР Ұлттық банкі жекелеген банктердің алыпсатарлық операцияларын азайтуға күш салып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Ұлттық банкі жекелеген банктердің алыпсатарлық операцияларын азайтуға күш салып жатыр

ҚР Ұлттық банкі жекелеген банктердің алыпсатарлық операцияларын азайтуға күш салып жатыр

ҚР Ұлттық банкі еліміздегі жекелеген банктердің алыпсатарлық операцияларын барынша азайтуға күш салып жатыр. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихаты барысында ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев мәлім етті.

  • 22 Желтоқсан 2015
  • 500
Фото - Caravan.kz

«Валюта нарығына қатысушылардың барлығы — банктер, олардың клиенттері, басқа да қаржылық мекемелер өз беттерінше әрекет жасайды. Валюта сатып алады немесе сатады. Кәсіпорындар мұны импорттық жабдықтардың бағасын төлеу үшін жасайды. Жалпы, валютаға деген сұраныс заңды құбылыс. Дегенмен, алыпсатарлық сипатқа ие операциялар да бар. Қазір ҚР Ұлттық банкі бұларды барынша азайтуға күш салып жатыр. Біз бұл жұмыстарды алдағы уақытта да жалғастыратын боламыз. Мұндай алыпсатарлық операциялар, әсіресе, валюта бағамының тұрақсыз кезеңінде орын алады», — деді Д.Ақышев.

Сонымен қатар Ұлттық банк төрағасы теңгенің ресми бағамы мен валюта айырбастау пункттеріндегі теңге бағамы арасындағы айырмашылыққа байланысты өз пікірін білдірді.

«Биржадағы теңге бағамы мен валюта айырбастау пункттеріндегі теңге бағамы арасында шынында айырмашылық бар. Бұл, әрине, валюта нарығында тұрақсыздық орнаған кезде, яғни теңге бағамы сауда сессиясы барысында 1-2 пайызға өзгерген шақта орын алады. Мұндай сәттерде валюта айырбастау операциясын жасаудың қажеті жоқ. Өйткені жекелеген азаматтар мұндай жағдайда ұтылып қалуы мүмкін. ҚР Ұлттық банкі елдегі валюта бағамының қалыптасу мәселесін әкімшілік жолмен шешпейді. Ол макроэкономикалық факторларға байланысты болады», — деді ол.


Сондай-ақ Д.Ақышевтың айтуынша, қаржы нарығында негізінен валюталық алыпсатарлық операцияларды жасайтын валюта айырбастау пункттері емес.

«Валюта айырбастау пункттерінің көбісі тұтынушылық сипатта, яғни биржада орын алатын өзгерістерге байланысты әрекет жасайды. Ал биржадағы операция лектері жекелеген валюта айырбастау пункттеріне қарағанда әлдеқайда үлкен. Сондықтан біз бұл нарықтағы өзара әрекеттестік ережесіне өзгеріс енгізуден аулақпыз», — деді Ұлттық банк төрағасы.

Соңғы жаңалықтар