ҚР Ұлттық банкінде валюта нарығындағы ахуалды тұрақтандыру мәселелері талқыланды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Ұлттық банкінде валюта нарығындағы ахуалды тұрақтандыру мәселелері талқыланды

ҚР Ұлттық банкінде валюта нарығындағы ахуалды тұрақтандыру мәселелері талқыланды

Ағымдағы аптада ҚР Ұлттық Банкінде «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» ЗТБ-ның, ірі екінші деңгейдегі банктер өкілдерінің

  • 16 Қазан 2015
  • 793
Фото - Caravan.kz

және «Атамекен» ҰКП басшылығының қатысуымен Қазақстан Республикасының экономикасын кредиттеу мәселелері бойынша жұмыс тобының бірқатар кездесулері өтті.

Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметінен хабарлады.

Кездесулер барысында валюта нарығындағы ахуалды тұрақтандыру, ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасының шеңберінде қаражатты игеру, өзгермелі айырбастау бағамына өтуге байланысты бағамдық айырманы өтеу шеңберінде шаралар қабылдау мәселелері талқыланды.

Кездесулердің нәтижелері бойынша жұмыс тобы тиісті ұсыныстар жасайтын болады.


Соңғы жаңалықтар