Бұл қаулыға дейін нақты ақша түріндегі шетел валютасын қандай мөлшерде екеніне қарамастан міндетті түрде жазбаша түрде декларациялау талап етіліп келген болатын.
Ал жаңа қаулыда Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайтын жеке тұлғалар ел аумағынан 3 мың АҚШ долларынан аспайтын мөлшердегі шетел валютасын ақшаны қайдан алғандығы туралы құжаттарды көрсетпей -ақ шекара асыра алатындығы туралы норма көрсетілді.
ҚР аумағындағы валюталық операциялар тәртібі туралы ҚР Ұлттық банкінің жаңа қаулысының мәтіні 23-қыркүйекте ресми баспасөз беттерінде жарияланды.