Жарияланды: 320

ҚР Ұлттық мұрағатында Анатолий Храпатыйдың жеке құжаттарының таныстырылымы өтті

ҚР Ұлттық мұрағатында Анатолий Храпатыйдың жеке құжаттарының таныстырылымы өтті

Бүгін Астанада ҚР Ұлттық мұрағатында ауыр атлетикадан Олимпиада чемпионы Анатолий Храпатыйдың жеке құжаттарының таныстырылымы өтті. Сонымен қатар осы шара барысында екі дүркін Олимпиада чемпионы Илья Ильинмен кездесу ұйымдастырылды.

Айта кетейік, А. Храпатый Бейжің Олимпиадасына бірнеше күн қалғанда көлік апатынан мерт болған еді. Ол бес дүркін әлем чемпионы, төрт мәрте Еуропа чемпионы атанды және 1988 жылы Сеулде Олимпиада алтынына қол жеткізді. Ал 1996 жылы Атланта Олимпиадасында күміс жүлдені жеңіп алды. А. Храпатый 4 жыл бұрынғы Бейжіңдегі додаға ауыр атлетикадан қазақстандық құрама командасының жаттықтырушысы ретінде аттанбақ еді. Бүгінгі көрме барысында спортшының 70-тен астам сирек кездесетін мұрағаттық құжаттары қойылды. «2008 жылы Анатолий Михайлович Храпатыймен Олимпиада ойындарына жиналып жатқан едік. Алайда, сол кезде оның өмірден озғаны жайында қайғылы хабар келіп түсті. Бұл хабар баршамыздың қабырғамызға батты. Осыдан кейін маған жауапкершілік артқанын сезіндім және сол жолғы жеңісімді мен Анатолий Михайловичқа арнадым. Атап айтқанда, бұл кісі ауыр атлетикадан жетістіктерді бағындыруда бізге жол ашты», - деді И. Ильин.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін