Хабарламада атап көрсетілгеніндей, Алматыны Олимпиада ойындарын өткізуден үміткер қала ретінде ұсыну идеясы 1970-ші жылдары туындаған. Шетелдік спорт мамандары ол кезде Алматы өңіріндегі табиғи және күн райы ахуалын жоғары бағалаған болатын. Ал қазір бұл идеяны мемлекет те қолдап отыр, делінген хабарламада. Олимпиада ойындарын өткізу әлеуметтік-экономикалық және сыртқы саясат тұрғысынан маңызды болумен бірге инвестициялық ахуалға да ықпалын тигізбек.
Ұлттық Олимпиада комитеті бұл жерде Алматының Олимпиада қозғалысына тың бағыт ұсыну мүмкіндігі мен Қааөқстанның Азияда қысқы спорт түрлерін дамыту мүмкіндігі бар жаңа ел екенін басты аргумент ретінде алға тартады.
Халықаралық олимпиада комитетіне осы жөніндегі өтініш 2005-жылдың 28-шілдесіне дейін ұсынылуға тиіс.