ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстаннан Чехияға қару-жарақ пен есірткі контрабандасы жасалғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстаннан Чехияға қару-жарақ пен есірткі контрабандасы жасалғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстаннан Чехияға қару-жарақ пен есірткі контрабандасы жасалғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстаннан Чехияға қару-жарақ пен есірткі контрабандасы жасалғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінен таратылан хабарламада айтылған.

  • 9 Тамыз 2004
  • 444
Фото - Caravan.kz

Хабарламада атап көрсетілгеніндей, 2004-жылдың 31-шілдесінде «Азаттық» радиосы Чехияның жекелеген басылымдарына сілтеме жасай отырып, Чехиялық Далибор Копп есімді кәсіпкер 1998-жылы «жарты тонна марихуана мен 900 дана Калашников автоматын Алматыдан Чехияға жіберуге әрекет жасады» деген мәлімет таратты.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті тарапынан жүргізілген тексеру бұл уәждің жалғандығын дәлелдеп отыр. «Қазспецэкспорт» уәкілетті мемлекеттік кәсіпорны мен аталған Чехиялық азамат арасында қару-жарақ саудасы туралы қандайбір келісім-шарт немесе уағдаластық жасалған емес.
Сондай-ақ, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінен хабарлағанындай, Чехияның мемлекеттік мекемелерінде де Қазақстаннан шыққан қару-жарақ немесе есірткі контрабандасын ұстауға қатысты ақпар болмай шықты.

Перейти к новостям спорта