Министрдің айтуынша, тұрақтандыру қоржынының кірісі 1,45 процентті, жинақ қоржынының кірісі 9,33 процентті құрады. «Бұл біршама жоғары көрсеткіш»,- деді ол.
Ал ҚР Ұлттық банкінің ақша операциялары департаментінің директоры Юрий Герасименконың хабарлауынша, қазір Ұлттық қордың қаржысын диверсификациялау мәселесі шешілу үстінде. Бұл проблема «біртіндеп шешілуде». «Бұған дейін қор қаржысының 80 проценті АҚШ долларына салынса, 2003-жылы доллар түріндегі бөлігін 60 процентке азайтуға шешім қабылданды. Ал қазір доллар түріндегі бөлігін 50 процентке дейін азайту мүмкіндіктері қарастырылып жатыр».
Сонымен бірге, Ю.Герасименконың пікірінше, «валюта бағамдарының түрлі бағыттағы тербелісін түсіну керек. Егер былтыр евроға шаққанда доллардың бағамы құлдырай түссе, биылғы жыл басынан бері керісінше долардың нығаюы 8 процентті құрады».
Осыған байланысты Ұлттық банк өкілі «қор қаржысын әр елдің экономикасы немесе қор рыногының жалпы әлемдік экономика немесе дүниежүзілік қор рыногындағы үлесіне сәйкес дивесификациялау» — ең тиімді үлгі деп санайды.