ҚР Ұлттық қорының шоттарындағы конвертациялауға жататын ұлттық валютадағы сома 2007 жылғы 3 қаңтарда 63,6 млрд. теңге болды - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Ұлттық қорының  шоттарындағы конвертациялауға жататын ұлттық валютадағы сома 2007 жылғы 3 қаңтарда  63,6 млрд. теңге болды

ҚР Ұлттық қорының шоттарындағы конвертациялауға жататын ұлттық валютадағы сома 2007 жылғы 3 қаңтарда 63,6 млрд. теңге болды

АЛМАТЫ. 5-қаңтар. Kazakhstan Today. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының шоттарындағы конвертациялауға жататын ұлттық валютадағы сома 2007 жылғы 3 қаңтарда 63,6 млрд. теңге болды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 5 Қаңтар 2007
  • 506
Фото - Caravan.kz

Қордың активтерін конвертациялау және қайта конвертациялау ережесіне сәйкес Ұлттық банк қордың ақшасын одан әрі инвестициялау мақсатында 2007 жылғы қаңтардың ішінде осы соманы рұқсат етілген құралдарға конвертациялауды жүзеге асырады. Конвертация Ұлттық банктің шетел валютасындағы алтын-валюта активтерінен немесе шетел валютасындағы қаржы құралдарынан Ұлттық банктің операция жүргізілген немесе операция жүргізу сәтінде қалыптасқан бағам бойынша ішкі валюта нарығында теңгемен шетел валютасын сатып алу күнгі ресми бағамы бойынша сату арқылы жүзеге асырылады.

Бұл ретте қорға теңгемен түскен түсімдер қордың кепілдік берілген трансферттің бекітілген көлеміне сәйкес ағымдағы айдың соңында немесе келесі айдың басында жүзеге асырылатын кепілдік берілген трансферттер түріндегі шығыстары үшін жеткілікті соманы жинақтағанға дейін бір айдың ішінде конвертацияланбайды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта