ҚР Ұлттық ядролық орталығының ядролық физика институтынан АҚШ-қа Германий-68 радиоизотопының бірінші партиясы жеткізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 516.77
  • 542.87
-9 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Ұлттық ядролық орталығының ядролық физика институтынан АҚШ-қа Германий-68 радиоизотопының бірінші партиясы жеткізілді

ҚР Ұлттық ядролық орталығының ядролық физика институтынан АҚШ-қа Германий-68 радиоизотопының бірінші партиясы жеткізілді

ҚР Ұлттық ядролық орталығының ядролық физика институтынан АҚШ-тың Лос-Аламос Ұлттық зертханасына Германий-68 радиоизотопының бірінші партиясы жеткізілді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қазақстанның ядролық қоғамынан хабарлады.

  • 24 Маусым 2004
  • 456
Фото - Caravan.kz

Радиоизотоп партиясының көлемі 100 mCi (миллиКюриге) тең. 2005-жылы Германий-68 радиоизотопы партиясының көлемі 300 mCi мөлшеріне жеткізіледі деп күтілуде.

Медициналық мақсатта қолданылатын германий изотопы қазіргі заманғы ядролық медицинада онкология, кардиология және неврология саласында науқастарға ерте диагноз қоюда маңызды заттардың біріне саналады. Позитронды-эмиссиялық томографтың қазіргі медицинада баламасы жоқ.
Германий-68 позитрон шығаратын германий-галлийдің генераторы ретінде қолданылады. Ол аппаратураны калибрлеу мен сырқаттың томографиясы нәтижесінің мағынасын ашуда тиімділігі жоғары материал болып табылады.
ҚР Ұлттық ядролық орталығының ядролық физика институты АҚШ-тың Лос-Аламос Ұлттық зертханасымен бірлескен жоба аясында институт қабырғасында жұмыс істейтін изохронды циклотрон (ион қуатын реттеуге негізделген) негізінде радиоактивті германий изотопын өндіру жұмыстарын жүзеге асыруда.