ҚР Ұлттық Ядролық орталығының ядролық физика Институтының директоры Қайрат Қадыржановтың айтуынша, институтқа сертификат беру туралы шешімді ҚР индустрия және сауда министрлігінің «ҚР Ұлттық стандарттау және сертификаттау орталығы» қабылдаған. Сөйтіп, ядролық физика Институты отандық ғылыми-зерттеу институтарынның арасынан бірінші болып ISO сертификатына ие болды.
Бүгінде ядролық физика Институты халықаралық қорлар мен ұйымдардың қолдауымен сыртқы рынокта 16 ғылыми-зерттеу жобасын жүзеге асыруда. Ал ішкі рынокта ғылыми-техникалық бағдарлама бойынша бюджеттен қаржыландырылатын 8 мемлекеттік тапсырысты атқарумен бірге ғылыми негізді өнім өндіру және жоғары технологияларды қолдану арқылы қызмет көрсету бағытында 56 коммерциялық келісім-шарттарды орындаумен айналысады.
Қ.Қадыржановтың айтуынша, ISO сертификатына ие болу — институт қабырғасында жасалған қолданбалы технологияларды әжетке жарату аясын едәуір кеңейтуге мүмкіндік береді. Алдағы уақытта институт мұнайгаз кеніштерін игеру және көмірсутегі шикізатын тасымалдауда ауаға тасталатын қалдықтар мен радионуклидтердің жиналуына мониторинг жасау, сондай-ақ, өндірістік жабдықтарды бақылауда жабдыққа залал-зардап тигізбейтін әдістерді қолдану және сондай әдістерді ойлап табуға баса назар аударатын болады.