ҚР ҰҚК 2004-жылғы көктем-жаз маусымдарында Ташкенттегі лаңкестік әрекеттерге қатысқан қазақстандық үш жанкештінің аты-жөнін анықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР ҰҚК 2004-жылғы көктем-жаз маусымдарында Ташкенттегі лаңкестік әрекеттерге қатысқан қазақстандық үш жанкештінің аты-жөнін анықтады

ҚР ҰҚК 2004-жылғы көктем-жаз маусымдарында Ташкенттегі лаңкестік әрекеттерге қатысқан қазақстандық үш жанкештінің аты-жөнін анықтады

ҚР ҰҚК 2004-жылғы көктем-жаз маусымдарында Ташкенттегі лаңкестік әрекеттерге қатысқан қазақстандық үш жанкештінің аты-жөнін анықтады. Бұл туралы бүгін, 11-қарашада Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары Владимир Божко хабарлады.

  • 11 Қараша 2004
  • 474
Фото - Caravan.kz

В.Божконың айтуынша, 30-шілдеде Ташкентте болған үш лаңкестік әрекетті ұйымдастырып жүзеге асыруға «Орталық Азия моджахедтерінің жамааты» ұйымының «Қазақстандық әмір» деген атағы бар жетекшісі, Қазақстан азаматы Жақшыбек Биймұрзаев басқарушылық жасаған. Жанкештілердің бірі — Тараз тұрғыны Авазхан Шаюсупов та Қазақстан азаматы болған. Қалған екі жанкештінің аты-жөні қазір анықталу үстінде. «Олар Ташкенттегі бас прокуратура ғимараты мен АҚШ және Израиль елшіліктерінің жанында жарылғыш заты бар белбеуді жарып жіберді»,- деді В.Божко.

Сондай-ақ, ҚР ҰҚК төрағасының бірінші орынбасарының айтуынша, 2004-жылдың наурыз-сәуір айларында Өзбекстандағы лаңкестік әрекет кезінде өздерін жарып жіберген екі адамның да аты-жөні анықталды. Бұлар — Шығыс Қазақстан облысының тумасы — Иса Еруов пен Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны — Махира Ибрагимова.
В.Божконың хабарлауынша, ҚР ҰҚК-нің қызметкерлері Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік Қызметіндегі әріптестерімен бірлесе отырып Ж.Биймұрзаевпен бірге Павлодарда оның көмекшісі Айдос Усмоновты да ұстады. Ол соның алдында ғана Ресейден Қазақстанға оралған екен. ҰҚК-нің мәліметі бойынша ол Ресейде лаңкестік әрекеттерді жүзеге асырушы жаңа адамдарды іздестірумен айналысқан.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ҚР ҰҚК Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресей аумағында төтенше құпия жағдайда жұмыс істейтін, халықаралық лаңкестік ұйым — «Аль Каиданың» құрамына енетін лаңкестік топты жойды. ҰҚК-нің мәліметі бойынша, бұл топтың «Орталық Азия моджахедтерінің жамааты» атты топқа қарасты жекелеген мүшелері наурыз айының аяғы- сәуірдің басында және 30-шілдеде Өзбекстанда болған лаңкестік әрекеттерді дайындауға және оны жүзеге асыруға атсалысқан. Ал «Орталық Азия моджахедтерінің жамаатын» халықаралық лаңкестік ұйымы «Аль Каидамен» жақындасып алған «Өзбекстанның Ислам қозғалысына» қарасты содырлар құрған.

Перейти к новостям спорта