Жарияланды: 380

ҚР ҰҚК Ан-72 ұшағының құлауы кезінде қаза тапқан әскери қызметкерлердің отбасыларына көмек көрсеткені үшін Қазақстанның барлық азаматтары мен ұйымдарына алғыс білдіреді

ҚР ҰҚК Ан-72 ұшағының құлауы кезінде қаза тапқан әскери қызметкерлердің отбасыларына көмек көрсеткені үшін Қазақстанның барлық азаматтары мен ұйымдарына алғыс білдіреді

Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің әскери қызметкерлері

барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдарға, Қазақстан Республикасының азаматтарына 2012 жылдың 25 желтоқсанында Шекара қызметінің Ан-72 әскери-көліктік ұшағының құлауы кезінде қаза тапқан әскери қызметкерлердің отбасыларына көрсеткен моральдық және қаржылық көмегі үшін шынайы алғыс пен ризашылығын білдіреді. Бұл туралы ҚР ҰҚК-нің баспасөз қызметінен хабарлады. «Өз кезегінде алдағы уақытта да алдымызға қойылған міндеттерді лайықты орындап, халқымыз бен Отанымыз - Қазақстан Республикасының мүддесі үшін қызмет атқаратымызды уәде етеміз», - делінеді мәтінде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін