ҚР ҰҚК басшысы Астанадағы жарылысты жеке оқиға деп атады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР ҰҚК басшысы Астанадағы жарылысты жеке оқиға деп атады

ҚР ҰҚК басшысы Астанадағы жарылысты жеке оқиға деп атады

Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нұртай Әбіқаев Астанадағы жарылысты жеке оқиға деп атады.

  • 4 Шiлде 2011
  • 639
Фото - Caravan.kz

«Бұл – жеке оқиға. Біз бұл істердің бәрін тергеп жатырмыз…бұл жүйе емес, олай ешкім айтып отырған жоқ, мен де солай айтып сендіремін», — деді ол дүйсенбі күні журналистерге.

Ол «қауіпсіздік мәселесі, терроризммен күрес, осының бәрі ұлттық қауіпсіздік комитетінің міндеті, біздің басты міндетіміз – жеке оқиға болсын, жүйе болсын, ондай оқиғалардың алдын алу».

Еске сала кетейік, Астанада 24 мамыр күні таңғы сағат 4-те ҰҚК тергеу оқшаулағышы мен «ҚТЖ» ҰК қасында «Ауди-100» автокөлігі жарылып, 2 адам қаза болды.

Оқиға орнынан Екібастұзда тұратын 48 жастағы Дмитрий Кельплер мен 26 жастағы Иван Черемухиннің төлқұжаттары табылды. Кейін И. Черемухиннің тірі екені, ол құжаттарын адам тасымалдаумен айналысқан жүргізушіге кепілдікке қалдырып кеткені анықталды. Қаза болған екінші адам 35 жастағы Сергей Подкосболып шықты.

Алдын ала болжамға сәйкес, адамдардың қазасына жарақаттаушы құрамдастары мен қабығы жоқ жарылғыш затының жарылуы себеп болған.

Соңғы жаңалықтар