ҚР ҰҚК мен ГФР полициясы Германиядан Қазақстанға есірткі тасымалдайтын арнаны әшкереледі - kaz.caravan.kz
  • $ 518.39
  • 603.09
-8 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР ҰҚК мен ГФР полициясы Германиядан Қазақстанға есірткі тасымалдайтын арнаны әшкереледі

ҚР ҰҚК мен ГФР полициясы Германиядан Қазақстанға есірткі тасымалдайтын арнаны әшкереледі

ҚР ҰҚК-нің есіркі саудасымен күрес бөлімшесі ГФР Төменгі Саксония Аймағы Федералдық қылмыстық полициясымен бірлесе отырып Германиядан Қазақстанға есірткі тасымалдайтын арнаны әшкереледі. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы қалалық ҰҚКД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 19 Мамыр 2005
  • 459
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, есірткі және психотропты заттарды Қазақстанға жеткізу ісімен еліміздің екі азаматы айналысқан. Олардың бірі зайыбымен бірге ГФР аумағында көп жыл тұрған көрінеді.

ҰҚКД қызметкерлерінің анықтағанындай, 2005-жылдың наурыз айының аяғында Германия аумағында тұрып жатқан Қазақстан азаматы өзінің бұрынғы жерлесі, қазір ГФР азаматы болып табылатын жігітпен сыбайласу арқылы Германиядан Қазақстанға кокаин тасуға алғашқы сынақ ретінде талпыныс жасап көреді. Қазіргі шетел азаматы сөйтіп сәуір айында тексерілген бағытпен елімізге психотроптық зат болып табылатын «Экстази» таблеткаларын әкеледі. «Әлгілер жеткізілген «тауарды» Алматы және Қарағанды қалаларындағы жастарға арналған көңіл көтеру орындары мен түнгі клубтарда сатуды жолға қою үшін әрекет жасап көрседі»,- делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
ГФР мен Қазақстанның арнаулы қызметтері барлық жағдаяттарды анықтап алғаннан кейін есірткі тасымалының халықаралық арнасын жоюға шешім қабылдап, қылмыстық топтың мүшелерін бірлесіп қолға түсірді.
19-мамырда Алматы — Астана тас жолының 115-ші шақырымында ГФР азаматын Алматы қалалық ҰҚКД-нің қызметкерлері қолға түсірді. Ол мінген «Ауди-80» маркалы автокөлікке тінту жүргізген кезде арнаулы жарақталған құпия қоймадан полиэтилен 4 дорбадан 3 мың дана «Экстази» таблеткалары шықты. Қылмыстық сараптама қорытындысы ондағы заттардың амфетамин мен МДА синонимі екенін көрсетті.
Қылмыстық топтың қалған мүшелерін Қарағанды облыстық ҰҚКД-нің қызметкерлері құрықтады.
Қазір оларға есірткіні контрабандалық жолмен тасымалдау және есірткі мен психотроптық заттарды заңсыз сату туралы айып тағылды. Тергеу шараларын ҰҚК-нің бөлімшелері жүргізуде.

Перейти к новостям спорта