Жарияланды: 430

ҚР ҰҚК Қырғызстан мен Өзбекстаннан Қазақстан мен Ресейге есірткіні контрабандалық жолмен тасымалдап келген топты жойды

Астана. 11 қараша. "Қазақстан Бүгін" - ҚР ҰҚК Қырғызстан мен Өзбекстаннан Қазақстан мен Ресейге есірткіні контрабандалық жолмен тасымалдап келген топты жойды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ұлттық қауіпсіздік комитеті шартты атауы "Темір тор" атты іс-шараны аяқтап, оның барысында Қырғызстан мен Өзбекстаннан Қазақстан мен Ресейге есірткіні контрабандалық жолмен тасымалдап келген топ жойылды",- деп хабарлайды баспасөз қызметі. Осы операцияның соңғы кезеңінде Алматыда жуырда 14 килограмм героин тәркіленді. Жалпы алғанда "Темір тор" атты іс-шараның барысында заңсыз айналымнан 43 килограмм героин шығарылды. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, есірткі тасушы топтың жетекшісі мен үш белсенді мүшесі қылмыстық жауапкершілікке тартылуда. Жедел тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін