«Ұлттық қауіпсіздік комитеті шартты атауы «Темір тор» атты іс-шараны аяқтап, оның барысында Қырғызстан мен Өзбекстаннан Қазақстан мен Ресейге есірткіні контрабандалық жолмен тасымалдап келген топ жойылды»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Осы операцияның соңғы кезеңінде Алматыда жуырда 14 килограмм героин тәркіленді. Жалпы алғанда «Темір тор» атты іс-шараның барысында заңсыз айналымнан 43 килограмм героин шығарылды.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, есірткі тасушы топтың жетекшісі мен үш белсенді мүшесі қылмыстық жауапкершілікке тартылуда. Жедел тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті