"Ұлттық қауіпсіздік комитеті шартты атауы "Темір тор" атты іс-шараны аяқтап, оның барысында Қырғызстан мен Өзбекстаннан Қазақстан мен Ресейге есірткіні контрабандалық жолмен тасымалдап келген топ жойылды",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Осы операцияның соңғы кезеңінде Алматыда жуырда 14 килограмм героин тәркіленді. Жалпы алғанда "Темір тор" атты іс-шараның барысында заңсыз айналымнан 43 килограмм героин шығарылды.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, есірткі тасушы топтың жетекшісі мен үш белсенді мүшесі қылмыстық жауапкершілікке тартылуда. Жедел тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.