Нақтырақ айтсақ, ҚР ҰҚК Қарағанды облысы бойынша департаментінің қызметкерлері жедел іздестіру шаралары нәтижесінде жеке меншік коммерциялық мекеме директорынан жасырын ақпарат алуға арналған радиоқабылдағышқа салатын жабдық, үш кіші бейнекамера микрофондарымен тәркіленді.
Аталған іс бойынша ҚР ҚК 143-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.
Оған қоса, ҰҚК Шығыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күрес департаменті қызметкерлері бір кәсіпкерден 8 арнайы техникалық жабдық тәркіледі.
Өскеменнің арнайы әкімшілік сотының қаулысына сәйкес, кәсіпкерге 31 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. 78 155 теңгенің техникалық жабдығы мемлекеттің пайдасына тәркіленді.