ҚР ҰҚК республика аумағында болуы ықтимал лаңкестік әрекеттердің алдын алуға бағытталған шаралар жүйесін жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР ҰҚК республика аумағында болуы ықтимал  лаңкестік әрекеттердің алдын алуға бағытталған шаралар жүйесін жасады

ҚР ҰҚК республика аумағында болуы ықтимал лаңкестік әрекеттердің алдын алуға бағытталған шаралар жүйесін жасады

ҚР ҰҚК республика аумағында болуы ықтимал лаңкестік әрекеттердің алдын алуға бағытталған шаралар жүйесін жасады. Бұл туралы бүгін, 10-қыркүйекте ҚР парламенті сенатының халықаралық істер, қауіпсіздік және қорғаныс жөніндегі комитетінің кеңейтілген отырысында ҚР ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары Владимир Божко хабарлады.

  • 10 Қыркүйек 2004
  • 489
Фото - Caravan.kz

Оның мәлімдеуінше, «Норд-Ост оқиғасынан кейін ҰҚК-нің құрылымында халық көп жиналатын нысандарда шағын шараларды жоспарлау жүйесі қабылданған». В.Божконың айтуынша, Қазақстандық арнаулы қызметтерде әрбір осындай нысанға қатысты, оның ішінде, театрлар, сауда орталықтары, өнеркәсіптік нысандар, концерт залдары мен мемлекеттік ғимараттар бойынша нақты шаралар ескерілген. «Біздің күш, құрал-жабдықтарымыз кез-келген төтенше жағдайда қолданысқа әзір»,- деді ҚР ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары.

В.Божконың айтуынша, «әсіресе лаңкестік әрекетке жол бермеуге ғана емес, алдын-ала сақтануға баса назар аударылуда». «Қазір лаңкестік әлеуеті жоғары елдердегі тыңшылық іс-шаралар мейлінше пәрмендендірілді. Өйткені, біздің іс-қызметіміздің ең тиімді әдісі — елімізді тысқарыдан қорғау болмақ»,- деді ол. Сондай-ақ, ел ішінде де «лаңкестік пиғылдағы адамдардың іс-әрекеттерін» әшкерелеуге бағытталған жұмыстар күшейтілді.

Перейти к новостям спорта