ҚР ҰҚК Шекара қызметі тікұшағының экипажы арнайы жабдықтың көмегімен апатқа ұшыраған балықшыларды құтқарды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР ҰҚК Шекара қызметі тікұшағының экипажы арнайы жабдықтың көмегімен апатқа ұшыраған балықшыларды құтқарды

ҚР ҰҚК Шекара қызметі тікұшағының экипажы арнайы жабдықтың көмегімен апатқа ұшыраған балықшыларды құтқарды

ҚР ҰҚК Шекара қызметі өзінің мемлекеттік шекараны қорғау бойынша негізгі міндеттерінен басқа Қазақстанның кез келген азаматына көмек беруге дайын.

  • 12 Қараша 2012
  • 370
Фото - Caravan.kz

Мәселен, кеше кешқұрым Алакөл ауданының әкімі Сасықкөл өзенінің аумағында жел алып кеткен екі балықшыны құтқару үшін ҚР ҰҚК Шекара қызметінің басшылығынан көмек сұрады, деп хабарлады ҚР ҰҚК-нің баспасөз қызметі.

Түннің беймезгіл уақыты мен ауа райының қолайсыздығына қарамастан, сағат 23.55-те балықшылар болуы мүмкін аумаққа полковник М. Мұсабеков бастаған, экипаж құрамында майор В. Карякин, аға лейтенант Р. Әлімжанов, келісімшарт қызметінің сержанты Д. Елікбаев бар ҚР ҰҚК Шекара қызметінің үшаралдық эскадрилья тікұшағы ұшып шықты.

Шекарашылармен бірге құрамында подполковник В. Трубин, майорлар К. Мельников және С. Ганских бар үшаралдық эскадрильяның парашютті-десантты құтқару тобы, аудандық ТЖМ-нің басшысы және Алакөл ауданының әкімі болды.

Сағат 00.40-та іздестіру аумағында апатқа ұшыраған балықшылар табылды. Қараңғы түн мен ауа райының қолайсыздығы адамдарды құтқаруда шекарашылардың жұмысына кедергі келтірді, алайда олар балықшыларды бортқа көтеріп, әуежайға жеткізді. Дәрігерлердің айтуынша, құтқарылған ер адамдардың жағдайы қанағаттанарлық.

Соңғы жаңалықтар