ҚР ҰҚК таяу уақыттарда Қазақстанда жұмыс істеген Аль-Кайедаға қатысы бар топқа байланысты қылмыстық істі сотқа тапсырады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
8 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР ҰҚК таяу уақыттарда Қазақстанда жұмыс істеген Аль-Кайедаға қатысы бар топқа байланысты қылмыстық істі сотқа тапсырады

ҚР ҰҚК таяу уақыттарда Қазақстанда жұмыс істеген Аль-Кайедаға қатысы бар топқа байланысты қылмыстық істі сотқа тапсырады

ҚР ҰҚК Қазақстанда жұмыс істеген Аль-Кайеда құрылымындағы топқа байланысты қылмыстық істі тексеруді одан әрі жалғастыруда және оны таяу уақыттарда сотқа тапсырады. Бұл туралы бүгін, 13-желтоқсанда Қазақстан Республикасы парламенті сенатындағы Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысының Федерация Кеңесінің күндері аясындағы "Қазақстан мен Ресейдегі тұрақтылықты қамтамасыз ету факторы ретінде есірткі саудасымен және халықаралық лаңкестікпен күрестегі ынтымақтастық" тақырыбына арналған дөңгелек үстелде ҚР ҰҚК-нің төрағасы Нартай Дүтбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 13 Желтоқсан 2004
  • 447
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2004-жылдың қараша айында ҚР ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары Владимир Божко еліміздің арнаулы қызметтері Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресей аумағында төтенше құпия жағдайда жұмыс істейтін, халықаралық лаңкестік ұйым — «Аль Каиданың» құрамына енетін «Орталық Азия моджахедтерінің жамааты» атты лаңкестік топты жойды деп хабарлаған болатын. Топтың жекелеген мүшелері наурыз айының аяғы- сәуірдің басында және 30-шілдеде Өзбекстанда болған лаңкестік әрекеттерді дайындауға және оны жүзеге асыруға атсалысқан. ҚР ҰҚК төрағасының бірінші орынбасарының ақпаратына сәйкес, топтың жетекшілері, мүшелері мен жандайшаптары тұтқындалды. Олардың арасында 9 Қазақстан , 4 Өзбекстан азаматы бар. Сонымен бірге жанкешті ретінде дайындалған Оңтүстік Қазақстан облысының төрт тұрғын әйелі ұсталды.

Н.Дүтбаевтың айтуынша, сондай-ақ, ҚР арнаулы қызметтері «биылғы жылы алғаш рет Аль-Кайеда құрылымдарымен бетпе-бет келді».

Перейти к новостям спорта