«Былтыр ҰҚК-нің қызметкерлері мұқият құпияланған лаңкестік ұйымның іс-қызметін әшкереледі»,- деді Н.Дүтбаев. Әл-Каидамен байланыста болған бұл ұйым «Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде лаңкестер дайындайтын базалар құруды көздеген екен». «Тергеу-тексеру барысында бұл топтың жекелеген мүшелері былтырғы жылдың көктемі мен жазында Өзбекстанда болған лаңкестік әрекеттерге қатысы бар болып шықты»,- деді ҰҚК төрағасы. Топ мүшелерінің арасында Қазақстан азаматтары да бар.
Сонымен бірге Н.Дүтбаевтың хабарлауынша, «кейінгі 4 жылда Қазақстандық арнаулы қызметтер шетелдік әріптестеріне лаңкестік ұйымдар мен заңсыз содырлық құрылымдардың 20-дан астам мүшесін табыс етті». Былтыр 300 келіден астам жарылғыш заттар мен 94 қару тәркіленді.