ҚР ҰҚК-нің қолына түскен Ауғанстандағы есірткі өндіретін зертханалардың орналасқан жері туралы ақпаратты басқа елдердің арнаулы қызметтері пайдаланбады - kaz.caravan.kz
  • $ 518.39
  • 603.09
-8 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР ҰҚК-нің қолына түскен Ауғанстандағы есірткі өндіретін зертханалардың орналасқан жері  туралы ақпаратты басқа елдердің арнаулы қызметтері пайдаланбады

ҚР ҰҚК-нің қолына түскен Ауғанстандағы есірткі өндіретін зертханалардың орналасқан жері туралы ақпаратты басқа елдердің арнаулы қызметтері пайдаланбады

ҚР ҰҚК-нің қолына түскен Ауғанстандағы көкнәр егістіктері мен есірткі өндіретін зертханалардың орналасқан жері туралы ақпаратты "әскери жолмен зертханаларды тікелей құрта алатын" басқа елдердің арнаулы қызметтері пайдаланбады. Бұл туралы бүгін, 13-желтоқсанда "Қазақстан мен Ресейдегі тұрақтылықты қамтамасыз ету факторы ретінде есірткі саудасымен және халықаралық лаңкестікпен күрестегі ынтымақтастық" тақырыбына арналған дөңгелек үстелде ҚР ҰҚК-нің төрағасы Нартай Дүтбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 13 Желтоқсан 2004
  • 445
Фото - Caravan.kz

«Біздің қолымызда Ауғанстандағы көкнәр егістіктері мен есірткі өндіретін зертханалардың орналасқан жері туралы нақты ақпараттар бар, бұл ақпаратты біз басқа елдердің арнаулы қызметтеріне жолдадық. Алайда, әзірге олар «құмға сіңген судай» аяқсыз қалуда»,- деді ол.

Н.Дүтбаевтың айтуынша, Ауғанстандағы көкнәр егістіктерінің көлемі жыл өткен сайын арта түсуде. «Қазіргі таңда Ауғанстанда есірткі өндіретін бірнеше ондаған зертханалар бар. Ал әрбір далалық командир үшін бұл — бюджет»,- деді ол.

Перейти к новостям спорта