ҚР вице-премьері Қ.Көшербаев Жамбыл облысының табиғи апат салдарынан зардап шеккен аудандарына аттанды - kaz.caravan.kz
  • $ 509.26
  • 574.75
+21 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР вице-премьері Қ.Көшербаев Жамбыл облысының табиғи апат салдарынан зардап шеккен аудандарына аттанды

ҚР вице-премьері Қ.Көшербаев Жамбыл облысының табиғи апат салдарынан зардап шеккен аудандарына аттанды

ҚР вице-премьері Қ.Көшербаев Жамбыл облысының табиғи апат салдарынан зардап шеккен аудандарына аттанды.

  • 14 Қаңтар 2013
  • 297
Фото - Caravan.kz

12 қаңтар күні орын алған күшті желдің ауыр салдарына байланысты Жамбыл облысында аудандық ТЖ жарияланды. Бұған дейін хабарланғандай, 12 қаңтарда түнгі сағат 01.30-да Қаратау қаласында (Талас ауданы) 35-40 м/с жылдамдықпен күшті жел соқты. Мыңдаған тұрғындар электр жарығынсыз, жылу мен табиғи газсыз қалды.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, қазіргі уақытта Талас және Сарысу аудандарындағы жағдай бақылауға алынды, табиғи апат салдарын жою бойынша шаралар қабылдануда.

Талас ауданының халқы 52 мың адам, соның ішінде Қаратау қаласында 27,5 мың адам тұрады. Қаратауда 18 әкімшілік нысан, 14 білім мекемесі, екі денсаулық сақтау нысаны, қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйі, 136 көппәтерлі тұрғын үй орналасқан, деп хабарлайды Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметінен.