ҚР вице-премьеріне Аграрлық ғылымды реформалау бағдарламасының жобасы таныстырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР вице-премьеріне Аграрлық ғылымды реформалау бағдарламасының жобасы таныстырылды

ҚР вице-премьеріне Аграрлық ғылымды реформалау бағдарламасының жобасы таныстырылды

8 қараша күні Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен кеңес өтіп,

  • 9 Қараша 2012
  • 311
Фото - Caravan.kz

онда Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «ҚазАгроИнновация» АҚ Қазақстан Республикасында Аграрлық ғылымды реформалау бағдарламасының жобасын таныстырды.

Кеңеске сондай-ақ қаржы, индустрия және жаңа технологиялар, білім және ғылым вице-министрлері мен өзге де құзырлы мекемелердің өкілдері қатысты.

«ҚазАгроИнновация» АҚ-ның баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Аграрлық ғылымды реформалау бағдарламасының жобасы 2011 жылдың 11 қарашасында өткен Агроөнеркәсіп кешені қызметкерлерінің республикалық форумында Елбасы Н.Назарбаевтың берген тапсырмаларын орындау мақсатында әзірленді.

Реформалаудың мақсаты генерацияның бірыңғай, тұрақты жүйесін қалыптастыру және агроөнеркәсіп кешеніне инновацияларды енгізу болып табылады.

Бағдарламаға сәйкес аграрлық ғылым жүйесін реформалау бірнеше бағыт бойынша жүзеге асырылатын болады. Біріншіден, аграрлық ғылымды басқарудың жаңа жүйесі құрылатын болады. Оның негізі ауылшаруашылық саласындағы зерттеулердің бас ұйымы және салалық инновациялық жүйенің операторы болып табылатын «ҚазАгроИнновация» АҚ болады. Жоспарланып отырған өзге жаңашылдықтар — ауылшаруашылық ғылымдары жөніндегі жеке-дара ұлттық ғылыми кеңесті құру, зерттеулер тақырыптарын қалыптастыруда кешенді ғылыми-техникалық бағдарламаларды құруға көшу, ғалымдардың әкімшілік процедуралардан тәуелсіздігі.

Екіншіден, бағдарлама аграрлық ғылымды қаржыландыруды ауылшаруашылық өнімдерін экспорттаушы жетекші елдердің деңгейіне кезең-кезеңімен жеткізуді қарастырады. Мәселен, 2015 жылдан бастап аграрлық зерттеулерге жыл сайынғы қаржыландыруды саланың жалпы өнімінің 1 пайызына дейін жеткізу жоспарлануда.

Үшінші аспект — жаңа кадрлық саясат. Қазіргі уақытта кадрмен қамтамасыз ету проблемасы аграрлық ғылымдағы анағұрлым өткір тұрған түйіткіл. Ауылшаруашылық зерттеулеріне қаржыландыруды арттыру көзделіп отырғанына байланысты 2014 жылдан бастап ғылыми қызметкерлердің ең төменгі жалақысын — экономикадағы орташа еңбекақыдан 150 пайыздан кем емес, инженерлік-техникалық персоналдікін — экономикадағы орташа жалақыдан төмен емес көлемде белгілеу жоспарлануда.

Кадрлық саясаттағы бөлек бағыт — жас ғалымдарды ауылшаруашылық ғылымына тарту. «ҚазАгроИнновация» АҚ-ның жас ғалымдарды қолдау корпоративтік қоры құрылады, жас ғалымдар кеңестерінің құзіреті кеңейтіледі.

Төртінші бағыт — инфрақұрылымды жаңғырту. 2013 жылдың ішінде «ҚазАгроИнновация» АҚ жүйесін ұйымдастырушылық реформалау жүргізу көзделген, бұдан кейін әрбір ұйымға жаңғыртудың кезеңдік бағдарламасы әзірленеді. Келесі жаңғырту тұрақты түрде жүргізілетін болады — ғылыми ұйымның мәртебесіне байланысты 3-тен 10 жыл аралығында.

Айтылғандай, аталған іс-шаралар тек кешенді негізде ғана АӨК-де бәсекеге қабілетті әрі тиімді салалық инновациялық жүйені қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл үздік шетелдік аналогтар деңгейінде инновацияларды жасауға және енгізуге мүмкіндік береді.

Кеңес нәтижесі бойынша аталған жоспарлар қолдау тапты, бағдарламаның жеке тармақтарын жете пысықтау, сондай-ақ бағдарламаға қаржылық есептеулерді дайындау, ғалымдар тобына және ауылшаруашылық бизнес субъектілеріне оның таныстырылымын ұйымдастыру бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.

Соңғы жаңалықтар