Келісім бойынша демеуші тарапынан бөлінген қаражат елде волейбол спортын дамытуға бағытталады. Ол классикалық және жағажай волейболы құрамаларының оқу-жаттығу жиындарына, сондай-ақ олардың түрлі халықаралық жарыстарға қатысуына жұмсалмақ.
Кеше Астана қаласында ҚР Волейбол федерациясы мен "Самұрық-Қазына Астана" корпоративтік қоры арасында демеушілік көмек көрсету туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.