Заңнама институты қолданыстағы заңдарды жүйелеп, оларға сараптама-талдау жасайды, консультациялық қызметтер көрсетеді, мемлекеттік және жеке меншік мекемелерге қатысты мәселелер бойынша заңгерлік қорытынды шығарады. Биылғы жылдың наурыз айында институт ғылыми мекеме деген мәртебеге ие болды. Ал құқықтық ақпарат орталығы, «Жеті жарғы» заңгерлік әдебиет баспасы мен «Заң» ААҚ мемлекеттің ақпараттық -құқықтық саясатын жүзеге асырады.