ҚР заңнамасында заңды тұлғалардың БАҚ-қа арыздары бойынша моральдық шығынды өтеуге байланысты қайшылық пайда болды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР заңнамасында заңды тұлғалардың БАҚ-қа арыздары бойынша моральдық шығынды өтеуге байланысты қайшылық пайда болды

ҚР заңнамасында заңды тұлғалардың БАҚ-қа арыздары бойынша моральдық шығынды өтеуге байланысты қайшылық пайда болды

Қазақстандық заңнамада бұқаралық ақпарат құралдарының (БАҚ) заңды тұлғаларға келтірген моральдық залалды өтеуге байланысты құқықтық қайшылық пайда болды, деп мәлім етті ҚР журналистер одағының заңгері Тамара Симахина.

  • 13 Маусым 2011
  • 519
Фото - Caravan.kz

«143-ші бабына (Азаматтық кодекстің «ар-намысын және іскерлік беделін қорғау» — ҚазТАГ) өзгертулер енгізді, ал 951-ші(«моральдық залалды өтеу» — ҚазТАГ)бапқа енгізген жоқ. Яғни құқықтық қайшылық пайда болды», — деп мәлім етті Т. Симахина ҚазТАГ тілшісіне өткен сенбі күні.

Ол үстіміздегі жылдың сәуір айында кодекстің 143-ші бабына заңды тұлғалардың БАҚ-тан моральдық залал үшін өтемақы төлеуге құқықтары жоқ деген түзетулер енгізілді.

Алайда заңгердің айтуынша, 951-ші бапта «әлі күнге дейін жеке және заңды тұлғалар моральдық залалды өтеуді талап етуге құқылы» деп жазылған.

«Түзетулерді дұрыстап енгізуге болмай ма?-деген заңды сұрақ туындайды. Бірақ солай бола тұра, қазір ондай қайшылық бар. Бұл БАҚ-тың қорғайтын заңгерлер жұмыссыз қалмайды дегенді білдіреді. Енді сотта егер ондай норма болса (143 бапқа түзетулер – ҚазТАГ), оны қолдану керек деп дәлелдеу керек болады», — деп атап өтті Т. Симахина заңнамаға түзетулердің мәні туралы сұраққа жауап бере отырып.

Ол заңгерлер заңнамаға сәйкес түзетулерді енгізуді 15 жыл бойы талап етіп келді.

Т. Симахинаның түсіндіруінше, «адамгершілік тұрғыда зардап шексе, адам жай таппай, ашуланып, ренжісе, моральдық залал ғана болады». «Заңды тұлғаның мұндай қасиеті жоқ: оның мұның бәрін сезінетін мүшесі жоқ», — деді ол.

Бұрын хабарланғандай, 16 сәуірде «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң күшіне енді, оған сәйкес, заңды тұлғалардың моральдық залалды өндіріп алуы жоққа шығарылған.

Соңғы жаңалықтар