Жарияланды: 500

ҚР және РФ Қарулы күштерінің бірлескен әскери оқу-жаттығулары аяқталуға жақын

Қазақстанның шығысында Қазақстан және Ресей Қарулы күштері қатысып жатқан «Шығыс-2011» бірлескен жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары аяқталуға жақындап қалды.

Бүгін жаттығулар өтіп жатқан Шығыс жалпы әскери полигонында оқулардың тактикалық әдістері көрсетілді, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің Бас қолбасшысы генерал-лейненат, оқу-жаттығудың жетекшісі болып табылатын Мұрат Майкеев бөлімшенің іс-қимылын назар салып бақылады. Қазақстанға жедел топтың құрамында келген ресейлік генерал, РФ Орталық әскери округы штаб бастығының орынбасары, генерал майор Сергей Чувакин пен Екінші ресей әскері штабының бастығы, генерал-майор Алексей Салмин М.Майкеевпен жаттығуларды бірге бақылады. «Шығыс» полигонына шыққан Қазақстан және Ресей Қарулы Күштері штабының офицерлері карта бойынша тыңғылықты жұмыс істеді. Енді командирлер жұмысқа кірісіп, әскерлерді басқару өнерін көрсетеді. Олар «Шығыс-2011» бірлескен оқулардың аяқталатын күні - 29 маусымда жаттығуларын көрсетеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін