ҚР жаңа аймақтық әуекомпания құру мақсатында «Boeing» және «Airbus» маркалы 17 әуе кемесін сатып алуды жоспарлап отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-7 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР жаңа аймақтық әуекомпания құру мақсатында «Boeing» және  «Airbus»  маркалы 17 әуе кемесін сатып алуды жоспарлап отыр

ҚР жаңа аймақтық әуекомпания құру мақсатында «Boeing» және «Airbus» маркалы 17 әуе кемесін сатып алуды жоспарлап отыр

АЛМАТЫ. 6 шілде. Kazakhstan Today. ҚР жаңа аймақтық әуе компаниясын құру мақсатында «Boeing», «Airbus» маркалы 17 әуе кемесін сатып алуды жоспарлап отыр. Бұл жөнінде Kazakhstan Today тілшісіне Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация Комитеті әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы нормаларын сақтау бөлімінің бастығы Дәулетбай Серікбаев хабарлады.

  • 7 Шiлде 2006
  • 397
Фото - Caravan.kz

“Қазіргі кезде аймақтық әуекомпаниясын құру туралы бағдарлама үкіметтің қарауында жатыр. Бағдарламаға сәйкес, 17 әуе кемесін сатып алу жоспарланған. Әзірге лизинг мәселесі жоқ», -дейді Д. Серікбаев. Болжам бойынша, сатып алынган ұшақтар лизингке қазақстандық компанияларға беріледі.

Д.Серікбаевтың айтуынша, бұл мәселе күзде шешіледі . «Жаңа ұшақтарды сатып алу өте қиын»,-дейді ол.

Д.Серікбаев өз сөзін « Қазақстан «Boeing», «Airbus» ұшақтарын сатып алуға ықтияр , бірақ кез-келген әуе кемесін алғанда, оның тарихы, қандай жағдайда қолданыста болғаны , қандай-да бір төтенше оқиға болған-болмағаны және ұшу қабілеті тексеріледі»,-деп қортындылады.

Журналистердің сауалдарына жауап берген Д.Серікбаев, жаңа аймақтық әуекомпанияның құрылуы Эйр Астана компаниясының жұмысын тоқтатпайды деп сендірді. Себебі, жаңа компания барлық қалаларды қамти алмайды.

Перейти к новостям спорта