ҚР Жоғарғы сот кеңесі зейнет жасына жеткен бес облыстық соттың төрағаларын отставкаға жіберу туралы ұсыныс жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Жоғарғы сот кеңесі зейнет жасына жеткен бес облыстық соттың төрағаларын отставкаға жіберу туралы ұсыныс жасады

ҚР Жоғарғы сот кеңесі зейнет жасына жеткен бес облыстық соттың төрағаларын отставкаға жіберу туралы ұсыныс жасады

ҚР Жоғарғы сот кеңесі Елбасына зейнет жасына жеткен бес облыстық соттың төрағалары мен ҚР Жоғарғы сотының бірқатар судьяларының отставкасын қабылдау туралы ұсыныс жасады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 12 Қараша 2004
  • 516
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 11-қарашада Астанада ҚР Жоғарғы сот кеңесінің он үшінші отырысы өткен. Онда «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» ҚР Конституциялық заңына сәйкес зейнет жасына жеткен бес облыстық соттың төрағалары мен ҚР Жоғарғы сотының бірқатар судьяларын жұмыстан босату туралы мәселе талқыланды.

Қарағанды, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстық соттары төрағаларының, сондай-ақ, кейбір облыстық сот алқасы төрағаларының уәкілетті мерзімі аяқталуына байланысты ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Қайрат Мәми ҚР Жоғарғы сот кеңесінің талқысына босап қалған жұмыс орындарына ұсынылатын кандидатураларды мақұлдауды ұсынды. Осыған байланысты Жоғарғы сот судьяларының бос орындарына ұсынылатын үміткерлер туралы талқыланып, нұсқаулар берілді. Бұл кандидатуралар баламалы түрде алдын-ала талқыланып, Жоғарғы соттың жалпы отырысында қолдауға ие болған.
ҚР заңнамасына сәйкес, облыстық соттардың төрағалары Елбасының жарлығымен тағайындалады. Ал Жоғарғы соттың судьяларын ҚР Жоғарғы сот кеңесінің нұсқауын негіздей отырып президенттің таныстыруы бойынша парламент сенаты тағайындайды.

Перейти к новостям спорта