«Ақжол»демократиялық партиясы баспасөз қызметінің хабарламасына сәйкес, партия 2005-жылдың 12-қаңтарында ҚР Жоғарғы сотына шағым түсірген. Онда ҚР Орталық сайлау комиссиясы Әлихан Бәйменовтың мәжіліс сайлауында жеңіп алған депутаттық мандатынан бас тарту туралы өтінішін заңсыз қанағаттандырғаны атап көрсетілген. Партияның ақпаратына сүйенсек, Ә.Бәйменов ҚР Орталық сайлау комиссиясына мандаттан бас тарту туралы жазбаша өтініш түсірмеген. Сайлау комиссиясының хаттамасында көрсетілгеніндей, бұл шешімді ҚР Орталық сайлау комиссиясы Бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарларға негіздей отырып қабылдаған.
Сонымен бірге, мандатты басқаға беру туралы қаулыны ҚР Орталық сайлау комиссиясы «Сайлау туралы» заң талаптарын бұзып, «Ақ жол» партиясының құрылтайынан бұрын қабылдаған.