ҚР Жоғарғы соты облыстық соттар бойынша қатаң шаралар қолдана бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Жоғарғы соты облыстық соттар бойынша қатаң шаралар қолдана бастады

ҚР Жоғарғы соты облыстық соттар бойынша қатаң шаралар қолдана бастады

Өкінішке қарай, бүгінде отандық соттардың жұмысында халықтың сенімін сейілтетін нақты кемшіліктер әлі де бар.

  • 8 Шiлде 2011
  • 365
Фото - Caravan.kz

Бүгін 2011 жылдың бірінші жартыжылдығын қорытындылауға арналған судьялардың кеңейтілген отырысында ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Бектас Бекназаров осылай мәлім етті.

Бұл орайда Жоғарғы сот және облыстық соттар тарапынан тиісті іс-шаралардың қолға алынып жатқандығы жайында айтқан Б.Бекназаров: «Елбасының Жарлығына сәйкес, сан алуан себептерге байланысты 35 судья жұмыстан босатылған болатын. Олардың ішінде өз еркімен арыз жазып, қызметінен кеткендер бар. Қазіргі кезде еліміздің бірқатар облыстарында сот әділдігі сынға ұшырауда. Кеше, Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Пакирдинов мырза өз еркімен арызды жазып кетті. Осындай жұмыс алдағы уақытта да жалғасатын болады. Сот жұмысына қатысты халық тарапынан арыздар көптеп түсіп жатқан облыстық соттар бойынша қатаң шаралар қолға алынатын болады», — деп атап көрсетті ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Б.Бекназаров.

Айта кетейік, Мұхамеджан Пакирдинов Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы қызметіне 2010 жылы тағайындалған болатын.

Соңғы жаңалықтар