Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кәсіпорын Inspection and Control Services (ICS) компаниясының сарапшылары Қазақстанға импортталған өнімнің кедендік құнын, өздерінің пікірінше, заңсыз бұрмалап көрсетуіне қатысты шағым түсірген.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ICS (Inspection and Control Services) компаниясы — Қазақстанға шетелдерден әкелінетін тауарларға сараптама жасап беру жөніндегі тәуелсіз бағалаушы болып табылады. Аталмыш қызмет түрін сатып алушы ҚР кедендік бақылау агенттігі компанияның ақпараттарын кедендік алымдар мен төлемдер мөлшерін анықтауда пайдаланады. Алайда, компанияның іс-қызметіне өнім импорттаушылардың кейбір бөлігі наразылық білдіруде. Тауар құнына қоса есептелген барлық қаржының 35 процентін сыйақы ретінде алатын компания бағаланатын жүктердің кедендік құнын асырып көрсетуге мүдделі, деп пайымдайды өнім импорттаушылар.
Сондай-ақ, тәуелсіз сарапшы-бағалаушы ретінде ICS компаниясының Баға және тарифтер жөніндегі Бас келісім-шартына қайшы әрекеттерге жол беріп отырғанына кәсіпкерлер наразы. Бұл келісім-шарты бағалаушыға тауарлардың белгілі бір мерзімдегі кедендік бағасын есептеуде жалпыға ортақ әдістемелер қолдануды міндеттеумен бірге сотқа дейінгі қарым-қатынастарды реттейтіні белгілі.