Б.Жақыповтың айтуынша, бұл ақырғы шешім және оған қарсы дау айту мүмкін емес.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, мұндай процесс өткізуге»Лаңкестікпен күрес туралы» заңның 21-бабына сәйкес ҚР бас прокуратурасы бастама көтерген. ҚР бас прокуратурасының мәлімдемесінде атап көрсетілгеніндей, ҚР Ата заңы бойынша Қазақстанда іс-қызметі мен әрекеттері конституциялық құрылымды зорлықпен өзгертуге, елдің біртұтастығына нұқсан келтіруге, мемлекеттің қауіпсіздігіне қауіп төндіруге, ұлтаралық, дінаралық және ру-тайпааралық араздықты өршітуге, заңда қарастырылмаған әскери құрылымдар құруға бағытталған қоғамдық бірлестіктердің іс-қызметіне тыйым салынады.
Сондай-ақ, Қазақстан лаңкестікпен күрес жөніндегі бірқатар халықаралық конвенциялар мен келісімдерге бірікті. Қазақстан БҰҰ-ның мүшесі болғандықтан, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің резолюциясына сәйкес өз аумағында лаңкестік әрекеттердің алдын алуға шаралар қолдануы тиіс.
ҚР ҰҚК Алматы өңірінде «дүниежүзінде ислам мемлекетін қайта жаңғыртуды» көксейтін халықаралық ұйымдарды әшкереледі. Сондай-ақ Қазақстан мен басқа да ТМД елдері аумағында «ұлтазаттық қозғалысы» үшін қаржы жинау, содырларды тарту шаралары жүзеге асырылуда.