«Табиғатты пайдаланушылардың өндірістік және өзге де іс-қызметі барысында қоршаған ортаға келтірген шығындарын айқындау әдістемелері бойынша біртұтас көзқарасты дәйектеуде Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органдары мен Жоғарғы соттарының күшін біріктіру қажет», деді В. Борисов.
«Экологиялық заңды бұзушылардың материалдық шығынын айқындаудың осындай әдістемелеріне қатысты біртұтас көзқарастарды келіспейінше, ШЫҰ-ына мүше елдердің экологиялық мүдделерін толық қамтамасыз ету мүмкін емес», -деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті