«Соттарды ұйымдастыру және материал-техникамен қамтамасыз етуге, сот жүйесін жетілдіруге, оны халықаралық стандарттарға сәйкестендіруге бағытталған жұмыстар тыңғылықты жүргізілуде»,- деді Қ.Мәми.
Әділетілікке қол жеткізу және тиімділігін арттыруға шаралар қолданылуда. Қ.Мәмидің айтуынша, республиканың барлық облыстарында ауданаралық экономикалық және әкімшілік соттар құрылып жұмыс істеуде. «Бұл соттандың іске кіріскеніне шамалы ғана уақыт өтсе де, шешімнің дұрыстығына, сот жүйесінің бұл құрылымдарының жұмыс істеу қабілетіне ие екендігіне көз жетті»,- деді ол.
Қ.Мәми алдағы уақытта Қазақстанда ювеналдық (жасөспірімдерге арналған) соттар жүйесін құру көзделіп отырғанын айтып өтті. Ол «Қазақстандағы ювеналдық әділет жүйесі» атты пилотты жоба Алматы облысының Қарасай ауданы мен Алматының Әуезов ауданында сынақтан табысты өткенін ескерте кетті. Сонымен бірге аудандық соттарды тек азаматтық немесе таза қылмыстық істерді қарайтын соттарға айналдырып, бір бағытта мамандандыру принципі іске аса бастады. «Алқа билер сотын енгізу мәселесі де белсенді қарастырыла бастады»,- деді ол.
ҚР Жоғарғы соты төрағасының пікірінше, аталмыш өзгерістер әділеттілік орнату сапасына оңды әсер етіп, септігін тигізе бастады.